Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
Қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың басшылығымен «Достық» шағынауданында көшелерді күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Жалайыр көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Әл-Фараби, Жансүгіров көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Орақты батыр көшесі бойына асфальт төселіп, жаңа арық науаларына су жіберілді. Достық көшесін асфальттауға дайындық жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның қаламыздың сән-салтанатын арттыратыны көңілге қуаныш ұялатады.