Ұлттың ұлы тұлғасы

Тәуелсіздік жылдары Елбасының көреген көсемділігімен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшқыр ойлау жүйесі, тарих барысы мен салиқалы да сарабдал саясаты Қазақстанның көпэтносты негізінде тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, оны әлемнің прогрессивті ойлайтын саясаткерлері қатарына көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстанда құрылған қоғамдық бейбітшілік пен келісім үлгісінің бірегейлігі туралы бүкіл әлемде, оны «Қазақстан жолы» немесе «Назарбаев моделі» деп атайды. Бұл тәжірибе бүкіл әлемнің саясаткерлері мен ғалымдарының қызығушылығын тудырады. Қазақстан Президентінің идеялары мен бастамалары терең зерттеулердің мәніне айналуда, олар туралы жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, әлемдік державалардың көшбасшылары айтып та жазып та келеді.
Елбасының бастамасымен шет елдер әріптестігінің берік іргетасы қаланды. Көптеген жылдар бойы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев елдер арасындағы достықты нығайту үшін көп күш салды. Ол жаһандық ядролық қарусыздану үдерісіне баға жетпес үлес қосты.
Елбасының стратегиялық бастамалары – «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050», «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» даму бағдарламалары, «Мәңгілік ел», «ХХІ ғасырдағы Әлем», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры», сондай-ақ, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаумен, астананы Ақмолаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) көшірумен байланысты тарихи кезеңдер, Тұңғыш Президенттің әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялардағы сөйлеген сөздері, қазақстандық қоғамды дамытудағы басты бағдарламалар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев – заманауи саясаткер, жаңа үлгідегі көшбасшы, елді жаңғырту идеясын іске асыруға бағытталған ақыл-ойдың қазыналы қоймасы.
Қазақстан ТМД-ның кейбір елдерінен елдегі бейбітшілікпен және тұрақтылықпен, экономикалық өсім байқалуымен ерекшеленеді. Қазақстанда бейбіт өмір сүретін әртүрлі ұлттар және этникалық халықтың әл-ауқатын көрсететін мемлекеттің үлгісі бола алады. Ал, бүгінгі Астана – нағыз қайнаған тіршілік алаңына айналды. Қысқа мерзім ішінде Астананы абаттандырып, айшықты шаһарға айналдыру Елбасының ерен ерлігі. Ұлттық идеяның темірқазығы болған Астана бүгінде күллі Алаштың мақтанышы. Ұлан-ғайыр елдің кіндігінде мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылданып, дамудың даңғыл жолына түскен жас мемлекетіміздің тарихи шежіресі жазылып жатыр. «Тәуелсіздіктің негізгі мәні – тарихтың жаңа бетін өз еркіңмен, өз шешіміңмен бастауда болса керек. Тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, өзіміздің соны соқпағымызды табуға зор мүмкіндік ұсынды. Сол жаңа жолымызды біз Астана арқылы таптық. Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. Біз ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты» дейді Елбасы.
Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет мүддесі үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз. Елі сүйген, елін сүйген Елбасына мықты денсаулық, күш-қуат тілейміз!