Президент бастамасы оңтайлы

Бақыт ЫҚЫЛАСОВА, Текелі қаласының Құрметті азаматы
Президент бастамасы оңтайлы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қауіпті індетке қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте еліміздің ең басты игілігі – сіз бен біздің денсаулығымызды қорғау деңгейін арттыруға бағытталған 10 нақты іс-шараға маңыз берді. Ел Президентінің ең алдымен халықтың денсаулығына алаңдаушылық танытып, оларды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ, экономикалық проблемаларды шешуді мықтап қолға алғаны көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе, індетті жұқтыру бойынша «қауіпті топқа» жататын жасы үлкен адамдар мен қант диабеті, демікпе, туберкулез және тағы басқа аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару қажеттілігін шегелеп айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке пандемиямен күреске қажетті барлық дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, зертханалық зерттеу жұмыстарын нақтылап-жүйелендіру бойынша барлық адамдар үшін сенімді және түсінікті болатындай орта мерзімді кезеңге арналған Ұлт жоспарын әзірлеуді тапсырды. Мұның барлығы да – баянды болашағымыздың кепілі. Қала тұрғындарын барынша сақ болуға, сабырлы болуға, оқшауланып, шектеу шараларын бұлжытпай орындауға шақырамын. Жақындарыңызға жанашыр болуға үндеймін.

 

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.