Желбірейді жеңімпаздар жалауы

Сөзі мен әнін жазған Мэлс Керейбаев
Желбірейді жеңімпаздар жалауы

Тұтқиылдан жау кеп шапты елімді,

Қып-қызыл, қанға бояп жерімді.

Отан-Ана ұран тастап халқыма,

«Аттан!», – деді, – «Ал дұшпаннан кегіңді».

 

Қайырмасы:

Жеңіс күні,

Жеңіс жыры,

Асқақ үнмен шалқысын.

Жеңіс күні,

Ақ көгершін

Көк аспанда қалқысын!

Ардагерлер қалауы,

Мәңгі өшпесін алауы,

Желбіресін

жеңімпаздар жалауы!

 

Отан үшін сан боздақ жан берісті,

Азап шекті тас қамауда жер үсті.

Майдан үшін еңбек етті барша жұрт,

Жақындатты көптен күткен жеңісті.

 

«Отаным» деп қан мен терді төккендер,

Жеңіс күнін көбің көрмей кеттіңдер.

Желбіретіп қызыл туды Берлинде,

Аңсай күткен ұлы тойға жеттіңдер.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.