Тамаша

Тамаша достарыңмен бірге жүрсең,
Тамаша шаттығыңды бірге бөлсең.
Тамаша жастық шақта ойнап-күліп,
Таусылмас ертегідей қызық көрсең.
Тамаша күйге бөлер тойға барсаң,
Тамаша шат-көңілмен жайраңдасаң.
Тамаша таңғажайып Тәңір сыйы,
Өмірдің гүл бағында сайрандасаң.
Тамаша бейбіт аспан күнің ашық,
Күлімдеп тұрса мәңгі нұрын шашып.
Тамаша туған жердің топырағында,
Жүргенің еш алаңсыз шалқып басып.
Тамаша мол бақытқа кенелгенің,
Тамаша ел-жұртыңа еленгенің.
Тамаша ағайынның арасында,
Алғыс пен абыройға бөленгенің.
Тамаша жетсең биік талаптарға,
Тамаша самғай ұшсаң қанат қаға.
Тамаша өміріңнің өресіндей,
Бар әлем толы жұмбақ ғажаптарға.
Қыдыр Байдүйсенов