Ата заң құтты болсын!

Ата заң –
негізі оның Жеті жарғы,
Кезінен Тәуке
ханның бастау алды.
Елімнің егемендік
тұғыры боп,
Ата Заң – Конституциям
қабылданды.
Мәтіні Ата Заңның
тарау тоғыз,
Баптары салиқалы
тоқсан сегіз.
Қазақстан айғақталған
Елтаңба мен
Әнұран, көк Ту – үш рәміз.
Заңымда қазынасы
елдің адам екен,
Адамның өмірі
аса қымбат деген.
Ќ±ќыѓы, бостандыѓы,
денсаулыѓы,
Қорғалған бәрі-бәрі
Ата Заңмен.
Бір жүз отыз
ұлт мекені әр ұлыстан,
Тату, дос, бауырлас ел –
Қазақстан.
Қорғалып Ата Заңмен
азаматтың,
Діні, ділі,
дәстүрі бұзылмаған.
Уа, елім, дәулетті боп,
қазаның толсын,
Қабылданған Ата Заң
құтты болсын!
Өркендеп әділдіктің
арынымен,
Тұрақты экономикаң
дами берсін!
Теңізбай Үсенбай