Жалған петиция үшін жауапкершілік қарастырылған

ҒАБИТ ТҰРСЫНБАЙ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Жұмысшы топ барып, қаншама адаммен кездесіп, қаншама мемлекеттік қызметкерден түсініктеме алып, тексеру жүргізгенде жаңағы жалған ақпараттардың шығуы бұл қоғамға да, мемлекеттік тұрғыда да келіп жатқан қаншама материалдық, моральдық зиян. Сондықтан да біздің халқымыздан, Алматы облысының тұрғындарынан сұрайтынымыз, әлеуметтік желіде бір нәрсені жарияламас бұрын оның анық-қанығына көз жеткізіп, ертең біреудің намысына тимей, біреудің абыройына нұқсан келтірмей, егер ол шынымен болса әрине тексеріп расталса жөні бөлек, ал енді жалған ақпарат тарату, негізсіз жала жабу заң жүзінде жауапқа тартылатынын ескеруі керек.