Заң талабын сақтау керек

Аталған жиналысқа Текелi қалалық полиция бөлімінің ЖПП инспекторы, полиция лейтенанты Б.Нұрмұханбетов және «Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ботантаев шақырылды.
«Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ботантаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша таратып айтып, сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа жол берушілердің заң бойынша қандай жазаға тартылатынын түсіндіріп өтті.
Текелi қалалық полиция бөлімінің ЖПП инспекторы, полиция лейтенанты Б.Нұрмұханбетов «Жол жүру ережесі» бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар және заң-намада қарастырылған жауапкершіліктер туралы таныстырып, жиі орын алатын жол ережелерін бұзу деректерін алға тартты.