Айқындала түскен әйел рөлі

Зайырлы, құқықтық мемлекетімізде азаматтарымыз нәсіліне, жынысына, ұлтына және басқа да қоғамдық қатынастарға қарамастан, тең құқылы. Яғни, біз бүгінде үнемі айтып жүрген гендерлік саясат – әйелдер құқығының заң-талаптарымен мемлекеттік деңгейде қорғаулы болып табылады.
Айқындала түскен әйел рөлі

Халқымыз анаға ерекше құр-метпен қараған, қыз баланы алақанына салып, еркелетіп, ибалы өнерлі етіп өсіруге барын салған. Осы шындық ұлттық салт-дәстүрлерімізден де анық байқалады. Айталық, өмірге сәби келгенде оның түсін «қойшы ма, жылқышы ма» деп сұрайды екен. «Жылқышы» дегені – қыз бала. Қыз сәйгүлік мініп, дала жұмыстарына да еркін араласқан. Әдетте, қыз балаға сыртқы келбеті келісті, жорға аттарды мінгізген. Қыз баланың, әйел адамның ер тұрманы да ерлердікінен өзге-

шелеу, сән-салтанатты болған. Ұзатылған қыз үйіне төркін-шілеп келгенде әкесінің қасына, ағаларымен қатар отырған.

Қыз баланың болашақ ана екендігі ескеріліп, оның әдепті, ибалы, өнерлі һәм іскер болуына да баса мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым» дейтін жазылмаған қағида қырмызы қыз болмысының қалыптасу мектебі іспетті. Ал, анаға деген ізет-құрметтің орны тіпті ерекше. Міне, осының барлығы біздегі әйел теңдігінің әдемі көріністері.

Халқымыздың осы тамаша дәстүрі өркениетті елдердің заңмен қорғалған әйел теңдігінен бір мысқал да кем емес. Демек, біз бүгінде айтып жүрген гендерлік саясат ұлттық ұстанымымыздың заңдық келбеті болып табылады. Сондықтан, оған байсалдылықпен қарауымыз, тым әсірелеп жіберуден сақтануы-мыз және оның бұлжымас заңға айналуына күш салуымыз тиіс.

Бұл қыздар мен аналардың қоғамдық өмірдің әр саласында ерлермен қатар еңбек етуіне, ерекшеліктерін дамытуына, алға қойған биік мақсаттарына жол жеткізуіне мол мүкіндіктер жасайды. Десек те, әйел – ана. Оның ең басты міндеті – өмірге ұрпақ әкелу және оларды тәрбиелеу, жарына мызғымас сүйеу болып, отбасын аналық мейірімге бөлеу. «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейді» дейтін теңдесі жоқ теңеу аналарымыздың қоғамдағы ерекше рөлін дөп басқан.

Бүгінде елімізде гендерлік саясат сәтті жүзеге асырылып, әлемдік өркениет талаптарына сай жаңғыртылуда және қоғамдық саяси құрылымдарда әйелдердің жеткілікті құқықтық базасы қалыптасып, жаңа деңгейде дамуда.

Атап айтқанда, елімізде әйелдер саяси-экономикалық салада ерлермен тең мүмкіндіктерге ие.

Отбасындағы өзара құр-мет пен сыйластыққа, мейірім, сүйіспеншілікке, ұрпақ тәрбиелеудегі ата-аналық ортақ жауапкершілікке құрылған қарым-қатынастарды берік сақтай отырып, гендерлік теңдікке өркениетті жолмен ұмтылған нәзік жандылар құқық қорғау саласында, соның ішінде, соттарда  судья, жоғарғы сот аппараты мен кеңселерде басшы, білікті маман ретінде қызмет атқара жүріп, еліміздің сот жүйесінің дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Олар сот әділдігін жүзеге асыру және соттар қызметін ұйымдастыру бағытындағы жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келеді.

Ж.Мухатаева, қалалық соттың бас маманы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.