Өнер жұлдыздары Текеліде

23 қыркүйекте Текелі қаласында «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» жобасы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Әнім сенсің, Алатау» атты гала-концерті өтті.
Өнер жұлдыздары Текеліде

Қаланың 70 жылдық мерейтойына тарту болған мерекелік концертте Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Елмұра Жаңаберген, Азамат Жылтыргөзов және «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» ансамблінің ұжымы, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетті. Өнер майталмандарының ән мен биін Тәуелсіздік алаңын толтырған текеліліктер тамаша көңіл-күй, ерекше ілтипатпен қарсы алды. Текелі қаласының әкімі Алмас Әділ ықылас гүлін ұсынып, өнер жұлдыздарына қала жұртшылығы атынан алғыс айтып, бұлбұл көмейден шыққан әндері әлемді әлдилей берсін деп тіледі.

Биыл бір ғасырлық мерейтойы атап өтіліп жатқан қазақтың біртуар әншісі Роза Бағланованың атындағы «Қазақконцерттің» бұл келісі сағына қарсы алып, концертін тапжылмай тыңдаған, сахна майтал-мандарымен суретке түсудің де сәті түскен үлкен-кішінің тамсанып айта жүрер естелігі болғаны анық.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.