Айбынды ұлдар

Балалар жылы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында 18-24 маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен VIIІ «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жеңімпаз атанған командалар құрамында текелілік оқушылар да бар.
Айбынды ұлдар

Жас буынның отаншылдық рухын оятып, әскери дағдыларға, ширақтыққа баулитын жиынға биыл Қазақстанның барлық өңірінен 40-тан астам команда қатысып, 600-дей қатысушы бақ сынады. Алматы облысының аты-нан қатысқан «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл команданың құрамында №5 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ұлағат Нұрсолтан өте жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында Алматы облысының «Жас байла-нысшы» әскери-патриоттық клубы 2-орын  иеленді. Аталған команда құрамында №5 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дарын Амантай мен 9 сынып оқушысы Жантемір Жақсылық белсенділік танытты. Жүлдегер балалардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды, жазғы лагерьлерге жолдама алды.

Облыс намысын қорғаған командалардың дайындығына №5 орта мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қайрат Рамазан үлкен үлес қосып, шәкірттерінің жеңісіне марқайды. Текелі қаласының білім бөлімі үш оқушыға «Алтын Шажа» жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама берді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.