Балалық шақтың бал дәмі

28 сәуірде қалалық Мәдениет үйінде Балалар шығармашылық орталығының «Бақытты балалық шақ» атты есеп беру концерті өтті.
Балалық шақтың бал дәмі

Мәдениет үйінің фойесіне орталықтың көркемсурет бөлімінде оқитын шәкірттерінің  туындылары топтастырылған көрме қойылды. Әр автор өз туындысының тақырыбымен, жасалу техникасымен таныстырды. Сахнаға шыққан жас өнерпаздар  хор, вокал, аспапта орындау  және хореографиялық шеберліктерін паш етті. Концерт соңында қала әкімі Б.Молдахметов ықылас гүлін ұсынып, жас өркендердің бойындағы жаңадан бүр жарып келе жатқан қабілетті аша білген шығармашылық ұжымға табысты еңбек тіледі.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.