Сөздің бәрі құдіретті...

2 наурызда №5 орта мектебінде 5-11 сыныптың өлеңге, өнерге құштар талантты, талапты оқушылары қатысқан қалалық Қадыр оқулары өтті.
Сөздің бәрі құдіретті...

Қалалық білім бөлімінің ұйымдасты-руымен өткен байқауға қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынады. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жаттап, санасына қаттап өскен ұрпақтың адаспайтыны хақ. Оқушылардың ақын шығармашылығына ден қоюы қазылар алқасын да, көрерменді де қуантты. Ақын өлеңдерін жатқа оқу бойынша «Сөздің бәрі құдіретті...» аталымында бас жүлдені №3 ОМ оқушысы Айсұлу Әділхалыққызы, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда»  аталымында бас жүлдені №3 ОМ оқушысы Ақбота Ораш, өз шығармашылығы бойынша «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» аталымында бас жүлдені №1 ОМ оқушысы Назерке Қаумен иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.