Алғыс жауған мереке

Қала әкімінің орынбасары Тәңірберген Дәркенбаев, қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский көпшілікті мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Текелі қаласының қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтық жауапкершілігі мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі үлестері үшін белсенді текелілік азаматтар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Түрлі ұлттың әндері мен билері көрерменді баурап, қазақ жерінде тағдыр тоғыстырған этнос өкілдерінің шынайы ризашылығы мен өзара сенімділігі мен үндестігі салтанат құрды. Олардың қазақ халқына деген ерекше құрметі мен қиналғанда кеудеден итермей, бауырға басқан мейірбандығы мен қонақжайлылығына деген шексіз алғысы, ортадағы татулық пен береке-бірлік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы үшін бұл мерекенің маңызы зор.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА