Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

Бұл мереке біздің әрқайсымыз үшін маңызды. Ол ежелгі дәстүр сабақтастығының, бір-біріне деген сыйластықтың, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады.

Ғасырлар бойы қазақ жерінің кең даласында әртүрлі этнос өкілдері тұрып келеді. Барлығы қазақ жерінде қолдау, сенімді баспана, екінші Отан тапты. Біз бірге барлық қиындықтарды бастан өткердік және жаңа тәуелсіз мемлекет құра алдық, мұнда басты құндылық бейбітшілік пен келісім, халықтың әл-ауқаты болып қала береді. Бұл – біздің басты міндетіміз. Бүкіл әлем бойынша пандемия қаупі төнгенде, біз ынтымақтастығымызды көрсетіп, бірге болуға тиіспіз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ» деді. Біздің жерімізде әрдайым шұғылалы күн жарқырап, бейбітшілік орнасын, достығымыз нығая берсін. Барлықтарыңызға денсаулық және амандық тілейміз.

Текелі қаласының әкімі         Б. Өнербаев

Мәслихат хатшысы       Н. Калиновский

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.