Өнер қызметкерлері марапатталды

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Қаламыздың өнерпаздары биік белестерді бағындырып жүрген жандар.
Мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский мен шаһар басшысының орынбасары Айнұр Мейрханова өнер қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтап, қала әкімі Батыр Молдахметовтің жүрекжарды лебізі мен Алғыс хатын табыс етті.
Қалалық Мәдениет үйінің талай баланы би өнеріне баулыған хореографы Шынар Әуелбекова облыстық халық шығармашылық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, Жетісу жерінің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп жүрген маман Роза Елеусізоваға Алғыс хат берілді.
Бұған қоса, қалалық «Металлург» клубының меңгерушісі Жандос Дәурембеков «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясына ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.
Гауһар МҰСА