«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol  Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара  Алакөл  көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат алуға ниет білдіргендердің барлығына ұмытылмас демалыс жасауға арналып отыр.
«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

Сахнада еліміздің эстрада әртістері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Аділ Жалмағамбетов (Adil) Еңлік Құрарбек (Yenlik), Луиза Каринбаева (Luina), Айгерім Рақышева (Ayree). Кештің музыкалық көңіл-күйі үшін жауапты DJ SlimKz. Ал айтулы фестивальді Еркебұлан Мырзабек  пен  Марат Оралғазин жүргізіп, ұмытылмас кеш сыйлайтыны сөзсіз!
Фестиваль алаңында қонақтар кешті толықтай тамашалай алатындай түрлі  тағамдар, азық-түлікті сауда алаңдары ұйымдастырылады. Бізбен бірге «Alakol Fest – 2024»-ке қосылыңыз және өзіңізге ұмытылмас естеліктер жасаңыз!
Қосымша ақпаратты +7 707 466 4878 байланыс нөміріне хабарласып алуға болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.