Дүние де өзі, мал да өзі

Он шақты иаһуди хазреті Әлиге (р.а.) келіп: «Ғылым артық па, әлде мал артық па?» – деп сұрайды. Сонда Әли:
Дүние де өзі, мал да өзі

1) Ғылым артық. Өйткені, ғылым – пайғамбардан қалған мирас, ал мал – Перғауын мен Қарынбайдың мирасы.

2) Ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.

3) Ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп.

4) Ғылымды жұмсасаң, арта береді, ал малды жұмсасаң, азая береді.

5) Ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ қалдырады.

6) Ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып-күту керек.

7) Ғылым қиямет күні иесіне шапағат етеді, ал мал иесіне есепсез жауап бергізеді.

8) Ғылым тозбайды, жоғалмайды, ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады.

9) Ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деген дүниеқоңыз етеді.

10) Ғылым адамға ғибадат еткізеді, ал мал иесінің көңіліне тәкаппарлық салады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.