Ұрпаққа ұлағат

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Жарлығымен елімізде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі белгіленген.
Ұрпаққа ұлағат

Домбыра қазақ халқының мыңдаған жылдардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әуен аспаптарының ішіндегі киелісі әрі бірегейі  болып саналады. Домбырадан шыққан үн – тегеурінді күш, ұлтқа қайрат беретін, бірлік пен тұтастыққа шақырар ұран.  Қазақтың қара домбырасының тарихы тереңде жатыр. Тіпті, Еуропадағы шертпелі аспап-тардың барлығының бабасы домбыра делінетін ғылыми пайымдаулар бар. Қазақ ежелден домбыраны жарты байлық, құт бесік деп қадір тұтқан.

Қорыта айтқанда қазақ халқының ғасырлар бойы елмен, жермен сіңісіп келе жатқан қасиетті домбырамыз  әр қазақтың төрінде ілініп тұруы маңызды. Қасиетті қара домбырамызды әрі қарай бүкіл дүниежүзі халықтарына таныстыра беру, әсіресе, жастарға үйрету – азаматтық парызым деп білемін.

Мырзахмет Мүкаманов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.