Бейсен Құранбек туралы жаңа кітап жарық көрді

Танымал журналист Бейсен Құранбек туралы жаңа кітап жарық көрді. Кітап «Біздің Бейсен» деп аталады. Жинақта қазақ елінің біртуар перзенті, тірісінде аты аңызға айналған тележурналистика тарланы – Бейсен Абайұлы Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты жазылған естеліктер, көңіл айту жеделхаттары, ақындардың арнау өлеңдері топтастырылған.
Бейсен Құранбек туралы жаңа кітап жарық көрді

Кітапты  марқұмның үзеңгілес досы Серік Әбікенұлы, Досан Атантеловтердің бастамасымен қарымды қаламгер Есболат Айдабосын, Ришад Тұрғанбай, Арай Жүндібаева, Ақжелең Рахаддин, Жансая Шыңғысхан сынды азаматтар мен азаматшалар құрастырған. «Ел-шежіре» баспасынан 1000 данамен жарық көрген жинаққа баспа басшысы Дәулет Әшімхан үлкен қолдау көрсеткен. Басылым Бейсен Құранбекті құрметпен еске алушы қалың қауымға арналған

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.