Қалтқысыз еңбектің қадірі

Медицина қызметкерлері күніне орай қала әкімі Бахтияр Өнербаев, мәслихат хатшысы Николай Калиновский ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Қалтқысыз еңбектің қадірі

«Ауруды емдеп адамды құтқаруды мақсат тұтқан медицина қызметкерлері қашанда биік құрмет пен ыстық ықыласқа лайық. Адам баласына өмір мен үміт сыйлаудан асқан қандай тамаша тарту болуы мүмкін?! Сіздердің қалтқысыз еңбектеріңіз бен қайырлы қамқорлықтарыңыздың арқасында адамдар ауруынан айығып, өмірге құлшына түседі, үмітін үкілеп, жаңа белестерге құлаш сермейді. Сіздердің өздеріңізді, отбасыларыңызды ұмытып, ауруға қорған, жанға жебеу болатын ерліктеріңіз бен зор жауапкершіліктеріңіз абыройларыңызды асқақтата береді. Қазір тұтас адамзатқа, адам баласының өміріне қауіп төндіріп тұрған жұқпалы індет тұсында сіздер анттарыңызға адал болып, халықтың өмірін қорғау жолында аурумен бетпе-бет күрес жүргізіп жатырсыздар. Жұқпалы індеттің дендеп кетпеуі үшін өз бастарыңызды қауіп-қатерге тіге отырып, елге қорған болған жанқиярлықтарыңызға халық дән риза. Осы орайда сіздерге барша текеліліктер атынан рақмет айтамын», деп ізгі тілегін жеткізген қала әкімі кәсіби мереке орайымен бір топ озат медицина қызметкерлерін марапаттады:

Анатолий Бахтинов – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Ғабит Иниятов ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Ботакөз Әбеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, Талғат Қасымбеков пен Самал Мизамхан Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Сапарәлі Муминов, Бекбол Жамалов және Сәкен Молдабеков Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Лариса Есенғұлова мен Нұртас Бошаков Текелі қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Ислана Рашидова, Гүлистан Сарсенбаева, Динара Жұмабекова, Шолпан Жапсарбаева, Алмагүл Жаңбырбаева, Арман Бимұратов, Жанар Жансұлтанова және Майгүл Тен Текелі қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бір топ медицина қызметкерлері қалалық аурухана және денсаулық сақтау қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіп одағының грамоталары мен арнайы сыйлықтарын иеленді. Осы күні қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері де марапатқа ие болды. Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен басқарма басшысы Жанат Мұсабеков, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен Анар Дүкенова мен Шолпан Сыраимова, Текелі қаласы әкімінің Алғыс хатымен Самат Шәріпов марапатталды. Текелі қаласы әкімінің Құрмет грамотасын «Шапағат» арнаулы әлеумет-
тік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Сәуле Дүсімбаева, Ақтоты Нұржанова, Нұргүл Молдашева, Раушан Райымбекова және Зәмзагүл Асубаева иеленді.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.