Ғылымның баспалдағы

4 қарашада №8 орта мектебінде 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Ғылымның баспалдағы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығы ережесін бекіткен конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. «Зерде» зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетуді көздейді. Конкурстың қалалық кезеңінде 12 секция бойынша жұмыстар ұсынылып, тыңдалды. Әрбір бағыттағы зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, жасампаздық негізді қамтыды. Қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған зерттеу жұмыстарын қазылар алқасы саралап, қатысушыларды тыңдап, талабы мен танымын таразылап, шешім шығарды. Қалалық конкурста барлық секциядағы бағыттар бойынша 36 оқушы 1-орын иеленді. Олар: ағылшын тілінен Бирюкова Алиса, №8 ОМ, Нұржолұлы Мұса, №4 ОМ, биологиядан Серік Әдемай, №8 ОМ, Жүсіпова Айдана, №4 ОМ, ғарыш бағыты бойынша Сайрауқожа Райан, №1 ОМ, информатикадан Досмұратов Елнұр, №6 ОМ, Клочков Александр, №8 ОМ, қазақ әдебиетінен Сесембай Маржан, №4 ОМ, Ерболқызы Перизат, №3 ОМ, қазақ тілінен Санатқызы Гаухар, №2 ОМ, қолданбалы математикадан Жұмаділ Айша, №4 ОМ, Низамутдинова Рамина, №1 ОМ, математикадан Тілеухан Жанарыс, №5 ОМ, медицинадан Бейсен Адина, №8 ОМ, Уткина Арина, №3 ОМ, орыс әдебиетінен Федорова Евангелина, №4 ОМ, Серікбай Мариям, №4 ОМ, өлкетанудан Крючкова Валерия, №3 ОМ, Терлецкий Ярослав, №3 ОМ, өнер бағытынан Нұрасылқызы Аружан, №4 ОМ, психологиядан Қалиден Шахназ, №5 ОМ, Маликова Алена, №6 ОМ, робототехникадан Адильбеков Дияр, №4 ОМ, Арстанбек Аруна, №3 ОМ, тарихтан Ұларбекқызы Ләйлә, №5 ОМ, Бейсенұлы Ерен, №2 ОМ, технологиядан Киселев Максим, №3 ОМ, туризм және спорттан Нурмухамет Айша, №1ОМ, Мухитов Ис-кандер, №8 ОМ, физикадан Қорғанұлы Қасым, №2 ОМ, Сембинов Даниал, №8 ОМ, химиядан Новиков Владислав, №3 ОМ, Дильназ Искакова, №8 ОМ, экологиядан Мұрат Толғанай, №8 ОМ, этномәдениет бағытынан Досыбаева Ямур, №8 ОМ, Медет Ұлмекен, Смағұл Арнұр, №1 ОМ. Ғылымның алғашқы баспалдағына қадам басқан шәкірттер конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.