«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ
Мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылады.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
▪️2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу;
▪️мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету;
▪️оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау;
▪️ білім беру қызметінің сапасын арттыру.
САЛА ҮШІН ТИІМДІЛІГІ
▪️үш ауысымды және апатты мектептерді жою;
▪️білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жою (қалалық/ауылдық);
▪️білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізу.
ӘКІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР:
▪️мектеп салуға жер телімдерін беру;
▪️инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу;
▪️Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу;
▪️мектепті пайдалануға берудің бекітілген жоспарын уақтылы орындау;
▪️Жобаны іске асырудың алғашқы жылында оқушы орны тапшы аймақтарда мектептер салуды қамтамасыз ету.