Жас қырандар қанат қақты

3 маусымда еліміздегі жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» мектеп бітіру салтанаты өтті.
Жас қырандар қанат қақты

Білім және ғылым министрлігінің арнайы тұжырымдамасының талаптары бойынша мектеп бітіру жиыны түлектердің өз сыныптарымен ғана жеке-жеке өткізілді. Мектеп директорлары биылғы ерекше жағдайда қажетті ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалана отырып, оқушыларға қашықтықтан білім берген мұғалімдерге, қиындықтарға төзімділік танытып, табандылықпен межелі нәтижеге қол жеткізген оқушыларға, бала тәрбиесіне белсенді атсалысып, жан-жақты қолдау көрсеткен ата-аналарға ризашылықтарын жеткізді.       

Әрине, 11 жыл оқыған алтын ұя мектепті бітіру, аттестаттарды тапсыру салты – әрбір түлектің өміріндегі аса маңызды оқиғалардың бірі. Дәл осы салтанатты шарадан соң қиянға қанат қаққан жас түлектер тәтті балалықтың аялы алақанындай болған мектеппен, аяулы ұстаздарымен, сыныптас достарымен қоштасып, дербес өмірге қадам басады. Мектеп бітіру салтанаты әрбір түлектің жүрек төрінен өшпестей болып орын алады. Міне, жанды тебірентетін осынау әдемі естеліктер әрбір түлектің санасына алтын ұя мектебіне деген мақтанышы мен  ұстаздарына алғыс сезімін ұялатады. Сондықтан да, мектептерде түлектер аталған тұжырымдама талаптарын қатаң сақтай отырып, маңызды шараны мәнді, мағыналы етіп өткізді. 

Биыл қаламыз бойынша 155 түлек мектеп бітірді. Олардың ішінде: №1 орта мектебінен – Койшинова Әлия Айдынқызы; №3 орта мектебінен – Чеботова Анна Анатольевна, Щербакова Аделина Ринатовна, Әуезхан Адина Ғаниқызы; №4 орта мектебінен – Жарқаш Әлімжан Нұржанұлы, Демократова Аяжан  Нұрболатқызы, Кенбаева Құндыз Талғатқызы, Нұржауып Нұрлан Қайратұлы, Абдисадикова Сымбат Сабырбайқызы, Құсман Салима Сымбатқызы, Өтеуова Ақерке Жангелдіқызы; №5 орта мектебінен – Мұхаметханқызы Ақжол, Сейтнұр Сымбат Әсетқызы, Әбевзит Ақбота Әбіләкімқызы, Нұрқасым Бекболат Сейсембайұлы, Сатухан Назерке; №8 орта мектебінен – Алпысбай Нұргүл Әбенқызы, Серікова Әсел Жарылқасынқызы, Тұрарбекова Даяна Бахытжанқызы, Алдаберген Айгерім Талғатбекқызы, Бағланов Айбек Жанатұлы, Ковальчук Надежда Валерьевна, Милошенко Юлия Игоревна, Сұлтанбек Тайыр Бекжанұлы, Упорова Диана Сергеевна, Шейченко Ангелина Антоновна «Алтын белгі» иегері атанды.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.