Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды

Бүгіннен бастап 30 тамызға дейін мектептерде, ХҚКО-да және eGov порталы арқылы тіркелуге болады.
eGov порталы арқылы қалай өтініш беруге болады?
– Авторизациялаудан өту, «Білім» бөлімінде « Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау білім беру ұйымының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін табыңыз.
– Өтінімді толтырып, керекті мектепті таңдап, сапалы сурет, анықтама 026/у-3, 063/у және баланың сандық фотосын тіркеп, «Тапсырыс беру» тетігін басыңыз.
– Өтінімге ЭЦҚ немесе SMS-парольмен қол қойыңыз.
Сіздің порталдағы «жеке кабинетіңізге» 5 жұмыс күні ішінде қызмет нәтижесі келеді: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және мектепке қабылдау туралы бұйрық.
Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефоны: 8(728-35) 4-47-70.