Кішкентай зерттеушілер

Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау барысында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алған Д.Такжанов кішкентай зерттеушілердің конкурсына техника секциясы бойынша «Зависимость летных качеств бумажного самолета от конструкции» тақырыбында жазылған жобасын ұсынды. Жетекшісі Ольга Костина екеуі қағаз ұшақтарды жасаудың сан алуан тәсілдерін зерттеп, зерделеді. «Мен зерттеу барысында ұшақтың неше түрі бар екенін, олардың құрылыстарын білдім. Бұрын қағаз ұшақ жасап ойнағанды ұнататынмын, енді оны ұзағырақ ұшыру әдісін меңгердім. «Балдәурен» орталығы қатты ұнады. Жұмбақтасқа саяхат жасадық. Жетекшілеріміз ұйымдастырған театр қойылымдарын, концертті тамашаладық. Көп дос таптым», – деген Дамир оқу үздігі, дзюдомен айналысады, бисерден бұйым жасауға қызығады. «Зерде» конкурсына келесі жылы да қатысуға ниетті. Бұл жолы республикалық кезең нәтижесінде арнайы сертификатпен марапатталды.
Сонымен қатар, «Зерденің» облыстық сырттай кезеңінде текелілік
8 оқушының жұмысы үздік деп танылды. Олар: Айдана Жүсіпова, №4 ОМ, 4-сынып оқушысы, қазақ әдебиеті секциясы бойынша «Қазақ ертегілерінің маңызы» тақырыбында, (жетекшісі Айман Рахимбердина), Михаил Свистунов, №4 ОМ, 3-сынып оқушысы, орыс тілі секциясы, «Нужна ли нам буква Ё?» тақырыбында (жет. Оксана Бахтиярова), Ілияс Әбілханұлы, №5 ОМ, 2-сынып оқушысы, математика секциясы, «1000 көлеміндегі сандарды көбейтуде әртүрлі әдістерді қолдану» тақырыбында (жет. Лариса Махабат), Валерия Бирюкова, №6 ОМ, 7-сынып оқушысы, өлкетану секциясы, «Свойства и применение текелийской глины» тақырыбында (жет. Рената Фаткулина), Илья Кулешов, №3 ОМ, 2-сынып оқушысы, химия секциясы, «Невидимые чернила» тақырыбында (жет. Татьяна Корнилова), Руфина Асылбек, №3 ОМ, 7-сынып оқушысы, химия секциясы, «Получение мыла своими руками» тақырыбында (жет. Валентина Кузнецова), Ксения Баранова, №2 ОМ, 7-сынып оқушысы, экология секциясы, «Жизнь муравьёв в биоценозе» тақырыбында (жет. Светлана Мазурина).
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА