Ұстаздық еткен жалықпас...

Қаламыздағы орта мектептерде биыл соңғы қоңырау алғаш рет ерекше форматта, онлайн режимде өтті.
Ұстаздық еткен жалықпас...

Көктемде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қаладағы барлық білім мекемелері қашықтықтан оқуға көшіп, төртінші тоқсанды оқушылар үйде аяқтады. Әрине, мұндай ерекше жағдай тәжірибеде мүлде болмағандықтан, мұғалімдерге де, оқушылар мен ата-аналарға да оңай соққан жоқ. Десе де, ұрпақ тәрбиелеу ісі отбасының да, мемлекеттің де басты міндеті болғандықтан, мемлекеттің жан-жақты қолдауы, мұғалімдер мен ата-аналардың жауапкершілігі мен табанды еңбегі қиындықтарды еңсеріп, оқушылар білім мазмұнын меңгеріп, оқуды уақытында аяқтады. Бұл тұрғыда ұстаздарға деген елдің ризашылығы, ізет-құрметі ерекше.

Оқу жылының аяқталуымен құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев: «Биылғы жылдың көктемі, әрине, барша қазақстандықтар үшін қиындықтарды еңсеру кезеңі болды. Сындарлы сәтте, үнемі алдыңғы шепте жүретін ұстаздарға да ауыртпалық түсіп, жаңа форматқа бейімделуге тура келді. Қашықтан оқыту оңай еместігін көрсетті. Десек те дәстүрлі оқыту, мектеп қабырғасындағы оқушылардың абыр-сабыр тіршілігіне үйренген ұстаздар уақыт талабына сай заманауи білім беру үрдісіне тез үйренді. Міне, осынау зор жауапкершілік пен ұстамдылық арқасында оқу жылын табысты аяқтадыңыздар» деп, қала мектептеріндегі барлық мұғалімдерді, оқушыларды тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құтттықтады. Төтенше жағдай кезінде жаңашылдықпен білім беріп, ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, абыройлы міндетін табандылықпен атқарған ұстаздарға ризашылығын жеткізді, ізгі тілегін арнап, рақмет айтты.

Биыл қаламыз бойынша 155 түлек мектеп бітірді. Оның 26-сы «Алтын белгіге», 11-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Алда оларды мемлекеттік сынақ күтіп тұр.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.