«BIRGEMIZ: ТҮЛЕК-2020»

Әлемдік пандемияға байланысты 2019-2020 оқу жылының аяқталуы бойынша соңғы қоңыраулар онлайн форматта жүргізіледі.
«BIRGEMIZ: ТҮЛЕК-2020»

2020 жылдың 25 мамырында сағат 11:00-де еліміздің түлектері мен оқушыларды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағам-бетовтың құттықтау сөзінен кейін (алдын ала дайындалған график негізінде) 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау – онлайн сынып сағаттары өтеді.

Түлектердің бітіру кештері «BIRGEMIZ: ТҮЛЕК-2020» ұран аясында өтеді.

3-4 маусымда 11 сынып түлектеріне салтанатты рәсімде аттестаттар табысталады.

Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін, мектеп бітіру шарасы құрметті қонақтарды шақырусыз өткізіледі. Екіден көп емес ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуы ұсынылады.

Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін санэпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, әлеуметтік қашықтық үшін арнайы белгі қойылып, әрбір сыныпта мектеп аумағында іс-шаралар өткізу ұсынылады. Мектеп бітіруші түлектер мектеп формасымен және бетберде киіп келуге тиісті.

Оқушылар арасындағы қашықтық 1,5-2 метр болуы керек. Іс-шараның ұзақтығы 40 минуттан және 20 минут уақыт аралығымен өтеді.

Сонымен қатар, аниматорларды шақыруға, сондай-ақ мейрамханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде мектептің аяқталуын өткізуге рұқсат етілмейді, сондай-ақ бітірушілердің автокөлікпен серуендеуге жол берілмейді.

Мектеп әкімшілігі тарапынан бітіру іс-шараларын өткізу күндері құқық бұзушылыққа жол бермеу шараларымен қамтамасыз етіліп, қадағалануы тиіс.

Түлектердің қайырымдылық бастамасын қолдау мақсатында «Ағаш отырғыз» акциясы жоспарланған, себебі аттестат алу, бұл – әр түлектің өміріндегі маңызды оқиға болғанымен, ол ересек адамның жеке өміріне көшуді бейнелейді.

Барлық сұрақтар бойынша «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ-не 4-47-70 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.