Қашықтықтан оқыту

2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында Текелі қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды іске асыру
Қашықтықтан оқыту

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2020 ж №108 бұйрығы негізінде  6 сәуірден бастап Текелі қаласының білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту іске асырылатын болады.

Интернет арқылы оқушылар пән бойынша Bilim Land, Дарын онлайн платформаларының мүмкіндіктерін, интернет желісіндегі видеосабақтар, облыстық әдістемелік орталықтың Ютуб каналындағы видеосабақтар мен қажет материалдарды пайдалана алады.

Сонымен қатар, оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген «Еларна» және «Балапан» телеарналары арқылы сабақтарын көруге мүмкіндік болады.

Мұғалімдер оқушылармен сабақ өткізу үшін Zoom, Meet видео конференцияларын қолдана алады. Сонымен қатар, кері байланыс алу мақсатында электронды журнал kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz жүйесінде, Whatsapp, Telegram т.б желілерде оқушылармен, олардың ата-аналарымен байланысу үшін чаттар мен форумдар құрып, пайдалана алады.                                          

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.