«Зерденің» қалалық жеңімпаздары

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары арасында «Зерде» ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
«Зерденің» қалалық жеңімпаздары

Пандемияға байланысты байқауды өткіудің талаптарында өзгерістер болды. Білімділер бәйгесінде 110 оқушының 108 ғылыми жобасы қаралды.

Байқау ережесіне сай, олар 8 негізгі бағыт бойынша ғылыми жұмыстар жазған. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика-информатика, физика және техника, медицина мен психология, тарих-өлкетану, этномәдениеттану, химия-биология және экология тақырыптары қамтылған. Қызықты жобалар өте көп. Бірі – электр қуатын үнемдеу туралы жазса, енді бірі күміс бұйымдарының денсаулыққа пайдасын айтуда.

Төрелік жасаған әділ-қазылардың ойы да қатысушылардың дәстүрлі додаға дайындықтары жақсы дегенге саяды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары сан салалы. Бастысы – ізденіске деген қызығушылықтары жоғары.

Нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, 21 ғылыми жоба үздіктері облыстық кезеңнің екінші турына жолдама алады.

Олар: №1 ОМ оқушылары: Әділқазы Қарлығаш (жет. Л.Керімбаева) мен Қаумен Назерке (жет.М.Ахметова). №2 ОМ – Муртазалиев Асхаб (жет.А.Балтабаева), №3 ОМ – Деревянкин Даниил (жет.А.Алишев), Жұман Есімхан (жет.А.Бопауова), Тихонова Виктория (жет.К.Тихонова). №4 ОМ – Манап Арай (жет.Д.Аманова), Калқаман Нұрай (жет.Г.Түстікбаева). №5 ОМ – Жауынбай Нарқыз (жет. Н.Нұрсейітова), Тарыбаев Амирхан (жет. Н.Тектибаева), Рамазан Азамат (жет.Қ.Рамазан).  №6 ОМ – Утеу Азамат (жет. М.Удербаева), Бубенова Вероника (жет. Ю.Муравьева), Шокарев Егор (жет.А.Курмангалиева), Тимошенко Лиана (жет.З.Тулегенова), Кульжанов Адильхан (жет.С.Каграманова), Шлихтмайер Виктория (жет. А.Дюсекова), Цыплин Никита (жет.К.Берлизова). №8 ОМ – Өзбехан Анель (жет.Н.Дивеева), Түзелбек Айзере (жет.Г.Джасымбекова), Клочков Александр (жет.О.Варакина).

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.