Дәстүрлі акция басталды

Жыл сайынғы бұл дәстүрлі акция аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-ларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Бүгінгі күні акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары жасалып, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталып, бекітілген.
«Биылғы жылға аудан, қалаларда әлеу-меттік осал топтағы 16650 баланың мек-тепке жиналуына көмек көрсетіледі деп жос-парланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 25229 баласын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгін-гі күнге Ақсу, Көксу, Кербұлақ аудандарын-да 100% аударым жасалды. Қалған қала, ау-
дандарда 15 тамызға дейін толық аяқтау жоспарда бар», – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.