Цифрлық білім берудің жаңа сатысы: TopIQ-мен  даму

Цифрлық білім берудің жаңа сатысы: TopIQ-мен  даму

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Заман талабына сай, оқыту әдістері де өзгеріп, цифрлық технологиялар білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы орайда, мен өз сабақтарымда TopIQ электрондық платформасын белсенді қолданып келемін және оның тиімділігіне көз жеткіздім.

TopIQ платформасын қолдану арқылы мен оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері мен қызығушылығының, сондай-ақ ынтасының айтарлықтай артқанын байқадым. Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда, TopIQ-тың интерактивті тапсырмалары, бейне дәрістері және дамытушы ойындары оқушылардың зейінін шоғырландырып, оқу процесін қызықты ете түседі. Оқушылар тапсырмаларды ықыласпен орындап, жаңа білімді тез меңгереді. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасының артқанын көрсетеді.

Мен үшін TopIQ платформасы уақытымды айтарлықтай үнемдеді. Бұрын сабаққа дайындалу үшін интернеттен бейне, фото, дидактикалық материалдарды іздеуге көп уақыт жұмсайтынмын. Ал қазір TopIQ-электрондық оқулығында барлық сыныптарға арналған  барлық қажетті тапсырмалар бір жерге топтастырылған. Тіпті, сабақ ортасындағы сергіту сәттері де дайын берілген. Бұл мүмкіндіктер сабаққа дайындықты жеделдетіп қана қоймай, сабақтың мазмұндылығын да арттырады. Мен күнделікті сабағымда TopIQ платформасын үздіксіз қолданып келемін, өйткені ол маған сапалы білім беруге көмектесетін сенімді серік болды.

 

TopIQ платформасы ата-аналарға да үлкен мүмкіндіктер береді. Олар өз баласының сабақты қалай орындай алатындығын, қай тақырыптарды игергенін және қай жерде қиындықтар туындағанын оңай бақылай алады. Бұл ата-аналарға баласының оқу үлгерімін толық түсінуге және қажет болған жағдайда дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, платформа қашықтықтан оқыту кезінде таптырмас құрал болып табылады. Оқушылар сабақтан немесе түрлі сайыстардан босатылған уақытта, немесе тіпті демалыста болсын, кез-келген жерде, кез-келген уақытта  платформаға кіріп, дәрісті толық меңгеріп, тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың оқу процесінен қол үзбеуіне және өз білімін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.

 

         Электрондық оқулықтың басты ерекшелігі – мұғалім мен оқушы арасындағы тиімді кері байланыстың орнатылуы. Әрбір оқушының өз бетінше білім алып, қателерін өзі тексере алу мүмкіндігі ерекше қуантады.

Тағы бір айта кетерлік жайт – электронды оқулыққа "Қамқор" жасанды интеллектінің енгізілуі. Бұл оқушыларға қызықтырған сұрақтарына мұғалімді күтпей-ақ, жедел әрі нақты жауап алуға мүмкіндік береді.

TopIQ платформасы – цифрлық білім берудің жаңа сатысы. Ол қазіргі заманғы білім беру талаптарына сай  және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге септігін тигізеді. Мен осы платформаны әрбір ұстазға ұсынамын, өйткені ол білім беру процесін тиімді әрі қызықты етуге көмектеседі.

TopIQ-мен бірге  білімнің шексіз мүмкіндіктерін бірге ашайық!

                                                                                           Текелі қаласы

«№6 орта мектеп» КММ информатика пәні мұғалімі

М.Б.Ахметова

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.