Жұмысшы мамандардың жаңа легі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандық-тарының жылы деп жариялады. Бұл шешім – кәсіби-техникалық білімнің маңызын арттырып, еңбек адамдарының рөлін на-сихаттауға бағытталған ма-ңызды қадам. Жұмысшы – ел экономикасының дамуына үлес қосатын бірден-бір күш. Бүгінгі таңда сұранысқа ие, сапалы маман – ел болашағының кепілі. Сіздердің жұмысшы маман-дығына ие болып, диплом алған сәттерің осы жылмен тұспа-тұс келуінің өзі ертеңге деген сенімді арттыра түседі», – деген кәсіптік колледж директоры Еламан Бердіқожа түлектерге ақ жол тіледі. Үздік оқып, «World Skills Kazakhstan», «World Skills Jetysu» кәсіби шеберлік чемпионаттарында топ жарған түлектер бірінші болып диплом алды. Олар: Карина Колмакова, Александр Моисеев, Александр Лау, Бекназар Жүнісақын, Юрий Баранов, Артем Смирнов, Максим Жолнеров, Артем Махаев, Адина Бидахмет, Мейіржан Әбдіқайымов, Алексей Бровичев.
Атап өтерлігі, түлектерге дип-ломды сан салада еңбек етіп жүрген кәсіптік колледждің әр жылдардағы түлектері табыс етті. «Т-Транзит» ЖШС директоры, колледждің 2001 жылғы түлегі Айгүл Долгалева есептеу тех-никасы және ақпараттық же-лілер, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану ма-мандықтары бойынша білім алған түлектерге, «Шажа ГЭС» ЖШС директоры, колледждің 2018 жылғы түлегі Станислав Давыдов электромеханикалық жабдықтарға техникалық қыз-мет көрсету, жөндеу және пай-далану мамандығын игерген түлектерге, «Текелі таукен өңдеу кешені» ЖШС гидравликалық жабдықтарды жөндеу маманы Андрей Мельников автомобиль көлігіне техникалық қызмет көр-сету, жөндеу және пайдалану мамандықтары бойынша оқы-ған түлектерге, «Тютяева» ЖК бас аспазы Мария Шкляр тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығына ие болған түлектерге диплом табыстап, ақыл-кеңестерін айтты.
Аталған жұмысшы мамандықтарын игеріп, қияға қанат қаққалы тұрған жастарға ұстаздары, ата-аналары сәттілік пен төзім, мұқалмас жігер тіледі, елге пай-
да тигізетін іскер де білімді ма-ман, адамдық пен адалдықтан айнымайтын нағыз адам бола-тындарына сенім білдірді.
Бұдан кейін түлектер қала-лық мансап орталығының «Жұ-мысшы мамандықтар жылы» аясында арнайы ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары» жәр-меңкесіне қатысып, жұмысқа орналасу, оқыту және қайта даярлау, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек алу секілді мәселелер жөнінде кеңес алды. Жәрмеңкеде 27 жұмыс беруші автобус жүргізуші, заңгер, есепші, аспаз, мейірбике ісі, инженер-электрик, психо-лог, аула сырырушы, музыка пәні мұғалімі, электропеште болат балқытушы, кітапхана ісі, логопед, электржөндеуші, информатика пәні мұғалімі мамандықтары бойынша 71 бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 2 адам тұрақты жұмыс орнына, 15 адам «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жұмыс берушімен сұхбатқа жіберілді.
Торғын ТҰРЛЫБАЕВА