«Жобаларға бөлінетін гранттар, стипендиялар мен медальдары бар сыйақылар ешкімді ғылыми ортаға тарта алмайды»м - «ADAL BILIM» жобалық офисінің администраторы Сергей Пен

«Қазақстанда ғалымдардың еңбекақысын жеке қаржыландырудың тікелей кестесі болмайынша, жобаларға бөлінетін гранттар, стипендиялар мен медальдары бар сыйлықақылар ғылыми және академиялық ортаға ешкімді де тарта алмайды», - деп атап өтті Сергей Пен өзінің Facebook-тегі парақшасында.
 «Жобаларға бөлінетін гранттар, стипендиялар мен медальдары бар сыйақылар ешкімді ғылыми ортаға тарта алмайды»м - «ADAL BILIM» жобалық офисінің администраторы Сергей Пен

Ол бұл ұсынысты 1 қазан күні ҚР Парламенті Мәжілісі Жұмыс тобының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы аясындағы отырыста мәлімдеген болатын. Осы орайда, Сергей Пен «ADAL BILIM» жобалық офисінің атынан ғалымдардың еңбегін тікелей қаржыландыру жүйесін құру туралы ұсыныс білдірді.

 «Біз қазіргі кезде қолданылып жүрген үш нысанға (базалық, гранттық және НҚБ) қоса ғылымды қаржыландырудың төртінші нысанын – ғалымдардың еңбекақысын тікелей қаржыландыруды енгізуді ұсынамыз. Негізгі мақсат – ғылыми білімнің сабақтастығын құру және ғылыми қызметтің нәтижелерін жүйелеу. Біздің түсінігіміз бойынша, еңбекақыны тікелей қаржыландыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымында немесе ғылыми ұйымда қызмет ететін ғалымдарға қатысты ғана жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті Сергей Пен.

Қаржы министрлігі бұл ұсынысқа қарсылығын білдірді. Қаржы министрлі өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда елімізде бюджеттік қаржыландырудың екі нысаны ғана орындалуы мүмкін – сметалық және мемлекеттік тапсырыс. Ұсынылып отырған нысан қаржыландыру схемаларына сай келмейді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.