Мұғалім болу – ұлы қызмет

2013 жылдан бері қалалық №4 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Бүгінде құрметті зейнеткер.
Ол – әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді оқушы санасына сіңіріп, кәсібінің алтын тізгінін мықты ұстаған ұстаз.
Ол жаны жақсылыққа құмар, кішіпейіл, ізетті жан. Шәкірттеріне баласындай, досындай қарайтын, білімі мен тәрбиесін талаппен де, мейіріммен де сіңіре білетін тәжірибелі ұстаз.
2016 жылы Текелі қаласы әкімінің құрмет грамотасымен, 2018 жылы республикалық математика пәні мұғалімдері олимпиадасының Алғыс хатымен, 2019 жылы халықаралық «Пони» байқауының Қазақстан бойынша ұйымдастыру комитетінің дипломымен, 2019 жылы республикалық ұстаздарға арналған математика пәнінен қашықтық олимпиадасында 1-орын Алғыс хаттарымен марапатталды.
Оның шәкірттері де математикан өткен әртүрлі деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижесімен көзге түсіп, мектептің мақтанышына айналды.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан, қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Нағыз мұғалім, міне, осы.