Табанды тәлімгер

Ақсу ауданының тумасы Сабетхан Ілиясқызы Айтбаева №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білім беру саласының құрметті қызметкері, бүгінде ортасына сыйлы зейнеткер.
Табанды тәлімгер

«Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей» депті Мұхаммед пайғамбар. Демек, ұстаз – мол білімді адам, һәм ұрпақ санасына ғылым мен адамгершіліктің шамшырағын жағушы. 

Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, білімін, ақылын жас ұрпақ санасына сіңіре білген Сабетхан Ілиясқызы білім саласында ұстаздықпен өткерген 40 жылға жуық уақытының жарымынан астамын қаламыздың жас жеткіншектеріне арнапты.   

«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» деп қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы айтқандай, оқушының қоғам үшін жарамды азамат болып жетілуі қажырлы ұстаз еңбегінің нәтижесі.

Сабетхан Ілияқызы бар білімін оқушыларға үйретумен бірге, өмірлік мол тәжірибесін жас ұстаздарға бере білді.  

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.