ҚАЙРАТ НҰРТАС МҰҒАЛІМДЕРДІ КЕЛЕ ЖАТҚАН ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген танымал әнші Қайрат Нұртас мұғалімдерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады.
ҚАЙРАТ НҰРТАС МҰҒАЛІМДЕРДІ КЕЛЕ ЖАТҚАН ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Құрметті ұстаздар, құрметті білім ардагерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Абырой берсін Сіздерге. Біздің ұл-қыздарымыз қазір осындай індетте мектепке бара алмай, сіздерді көргісі келіп, сондай бір сағынып жүр. Құдай қаласа, соның бәрі оңынан болып, біздің бала-шағамыз сіздерге қайтадан оқуға барсын деп тілеймін. Жақсы, талантты балалардың шығып жатқаны да сіздердің арқаларыңызда. Аман болыңыздар! Ұстаздар мерекесі тағы да құтты болсын», – деді видео құттықтауында Қайрат Нұртас.

Танымал әнші өз құттықтауын «Ұстазым менің, ұстазым» әнінің қайырмасымен аяқтады.

#ҰстазымаМыңАлғыс

#СпасибоВамУчитель

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.