8 түлек «Алтын белгі» алды

Текелі түлектерінің 109-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтінім берді. Қалалық білім бөлімі берген мәлімет бойынша, ҰБТ-дан текелілік түлектер арасында ең жоғарғы 129 балды №8 орта мектебін бітірген Саида Сақыпбек алды.
Ал Жетісу облысы бойынша ҰБТ-ға 6 мыңнан астам оқушы тапсыруға ниет білдірді. 16 мамырда басталған тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады, апелляциялық комиссия құжаттарды 10-16 шілде аралығында қарайды. Айта кетерлігі, биыл 5-8 және 10 сыныптардың 58850 оқушысы қазақ тілі, қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша емтихан тапсырды.