Іскер басшы жүлдесі

Педагогтардың шығармашылық өзін-өзі дамытуын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату, сондай-ақ, өз зияткерлік еңбегінің нәтижелерін қоғам игілігіне айналдыруға ынталы, кәсіби қауымдастық ішінде үздік педагогикалық тәжі-рибесімен бөлісуге дайын, белсенді әрі шығармашыл педагогтарды көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған Фестивальге республиканың барлық өңірлерінен 316 педагог қатысты.
Білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, педагог мамандар, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері ұсынған ғылыми жобалар ішінен Ж.Жаакпекованың «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағытындағы «Проблемы вертикали и горизонтали в современном менеджменте» тақырыбындағы еңбегі алдыңғы қатардан көрінді.
Елдің болашағы білімді, ұлтжанды ұрпағымен баянды десек, педагог мәртебесі – осынау қуатты адами капиталды қалыптастыратын ұстаз еңбегіне деген халықтың қалтқысыз құрметі.
Бүгінде мемлекетіміз ұстаз мәртебесін көтерудің барлық мүмкіндіктерін жасап жатыр. Соған лайық болу, мемлекет пен халықтың күткенінен шығу – әрбір педагогтың абыройлы міндеті.