Жетісу облысында 52 600 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылмақ

Биыл 58 мектепті жаңғыртуға 2,9 млрд. теңге, оқулықтарды сатып алуға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Оқушылар кітаптармен 100% қамтылды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Али БАҚ өкілдерімен кездесуде бөлісті.
Жетісу облысында 52 600 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылмақ

«Жетісу облысында жаңа оқу жылына 129 800 оқушы аяқ басты. Оның ішінде 1 -сынып оқушыларының саны – 12 900 бала. Облыста 69 елді мекеннен 1766 оқушы жеткізіледі. Биылғы оқу жылына 604 млн. теңгеге 12 автобус сатып алынды. Оның ішінде лизинг бойынша 7 автобус, жергілікті бюджет есебінен 5 автобус», - деді спикер. 
Осы жылы жалпыға бірдей оқыту қорынан жекелеген санаттағы 23 486 оқушыларды мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге шамамен 1 млрд. теңге бөлінді.
«Мемлекет басшысының сайлауалды тапсырмасын іске асыру мақсатында жаңа оқу жылында 52 600 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Ал асханасы жоқ 49 мектепке тамақ тасымалданып беріледі», - деді облыс әкімінің орынбасары. 
Жаңа оқу жылына 5 білім беру мекемесіне құрылыс жүргізіліп, пайдалануға берілді. Олар Көксу ауданының 2 мектебі, 10 жылдық Қазақстан ауылында Р. Толқынбекұлы атындағы орта мектеп және Бесқайнар ауылында, Сарқан ауданында 2 мектеп, Бірлік ауылы мектебі, Тополевка ауылы мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 1 қыркүйекке Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 30 орындық жатақханасы бар 100 орындық колледж пайдалануға берілді. 
«5 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 1 қыркүйек күні пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қаратал ауданы Кальпе орта мектебі, Алакөл ауданы Ақжар орта мектебі,  Кербұлақ  ауданы, Сарыөзек ауылында №49 орта мектебі  күрделі жөндеуден өтті. Қалған 2 мектеп жыл соңына дейін іске қосылады», - деп  қорытындылады  Рустам  Алиұлы.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.