Даламыз өртке оранбасын

​Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі Төтенше жағдайлар министрлігі құрамында болуы қоғамның дамуынан туындаған. Қазіргі кезде ұжым мүшелері өрттің алдын алу, кездескен зардаптардың зиянын жою, тағы басқа істерді қалалық әкімдік, қоғамдық орындармен және азаматтармен бірлесіп атқаруда.
Даламыз өртке оранбасын

Өрт адам өміріне, материалдық құндылықтарға қауіп төндіреді. Өрт қауіпті кезеңінде әр жерден шөптің өртенгені туралы хабарлар түсіп жатады. Таулы және орманды алқаптарда өртті өшіруді  қиындататын көп жылдар бойы жиналған ағаш-тардың жапырақтары мен шөптің қалдықтары қалың қабатталып, өшіргеннен кейін кішкене желден тезектей тұтанып қайта жанады.

Шөп жануының басты себептері:

• әдейі өртеу; 

• байқаусызда өрт шығуына жол беру (өшірілмеген темекі, от т.б.); 

• өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы.

Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлерінің берген ұйғарымдары бойынша қала аумағындағы мекемелер мен қала әкімдіктері бірігіп ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, оларды қажетті құралдармен, техника және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етуге тиісті. Сол жұмыстың нәтижесінде  болған дала мен таудағы өрт егінге, шабындық, жайылымға тарамай, аз шығынмен тоқтатылуы керек, ал ең дұрысы сол өрттерді болдырмай, алдын алу.

Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз, өкінішті жағдайдың алдын алу, оны болдырмау, көп жағдайларда әр адамның және қоғамның өз қолында, өрт қауіпсіздік ережелерін біліп қана қой-май, оны күнделікті естен шығармай орындау соның кепілі.                      

Текелі қаласының ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.