Дала өрттері

Табиғат аясындағы демалыс адамға қуаныш сыйлайтыны белгілі, бірақ демалыстан кейін қалған кағаз, бос шөлмектер, тамақ қалдықтары сынган ағаш бұтақтары және от жаққан жерлерде күлдерді жиі коретініміз анық.
Дала өрттері

Осы жаққан оттар, темекі қалдықтары көбіне өшірілмей не толығымен өшірілмей қалып жатады. Осындай салғырттықтың арты қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. Өрт «Тілсіз жау екенін» ұмытпағанымыз жөн.

Сіріңкемен балалардың ойыны, алау жағулары көп жағдайда өртке ұласып жатады.

Құрғақ шөп жануын болдырмау үшін, отты пайдаланғанда абай болған жөн, яғни далада не орманды жерлерде алау жақпау керек, от қауіптілігі басым жерлерде балалардың отпен ойнамауын қадағалаған жөн. Көп жағдайда адамдардың салғырттығынан осы дала өрттері орын алып жатады.

Табиғатты қорғаңыздар!

  • Өшірілмеген темекі қалдықтарын құрғақ шөп бар жерлерге тастамаңыздар.
  • Жанғыш қалдықтарды және қоқыстарды кез-келген жерде өртемеңіздер!
  • Шарушылық жетекшілері мен мамандары, орман дала өрттерінің алдын алу мақсатында өрт-профилактикалық шаралардың алдын ала жүргізілуін қаматамасыз еткендеріңіз абзал.

Осындай өрттерді болдырмау үшін әрқайсымыз өзімізден бастағанымыз жөн.

Текелі қаласы ТЖБ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.