Өрт кезінде қандай әрекет жасау керек?

Бүгінгі күнде көпқабатты тұрғын үйлер бетоннан, отқа төзімді құрылыс материалдардан тұрғызылады, пәтерлерде орталық жылыту, қолайлы электр және газ плиталары бар. Көптеген адамдар, әрине, қарсылық білдіреді: «Қандай өрт қауіптілік?» Барлық жерде жанбайтын құрылыс материалдары қолданылады. Сонымен қатар өртке қарсы қызметі әрқашан дайындықта. Өртсөндірушілер ең күшті сөндіру құралдарымен қаруланған. Саналған уақытта көмекке жетіп келеді». Бірақ, орны толмас залал келтіруіне отқа бірнеше сәттердің өзі жеткілікті. Оған қоса өрттер қайгылы салдарымен аяқталатыны сирек емес – өртте адамдар қаза болады. Сондықтан, қазіргі замандағы тұрғын үйлерде өрттер болуының мүмкіндігі бар.
Өрт кезінде қандай әрекет жасау керек?

Текелі қаласы аумағында 2020 жылдың басынан тұрғын секторда 8 өрт болған (2019 жылы – 16 өрт), материалдық шығынсыз (2019 ж. - 540 мың теңге). Сол өрттерден ағымдағы жылы қаза болған және жарақат алған адамдар жоқ (2019 ж. – 1 адам қаза болып, 1 – адам жарақат алып, күйіктелді).

Өрттердің жүргізілген талдауы, 2019 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тұрғын секторда өрттер саны 8 немесе 50% кеміді, ал материалдық шығын  100% азайғанын көрсетеді. Өрттерден тұрғын сектордағы өлім саны мен жарақат 1 жағдайға немесе 100% азайды.

Мәліметтерге сүйенсек, өрттерде адамдардың қаза болуы және жарақаттануы тұрғын секторда байқалады, бұл біздің азаматтардың қарапайым өртке қарсы ережелерін елемеуін көрсетеді. Лаулаған бәленің негізгі себептері: отты абайсыз және ұқыпсыз қолдану, пештердің ақаулығы, үтік, теледидар, төсек-орында мас болып шылым шегу және бала шалағайлығы болып саналады.

Егер өрт шықса не істеу керек? Ең бастысы – үрей тудырмау. Қауіп-қатерді болдырмауы оңайырақ, егер сабырлықпен және ақылмен әрекет етсең. Үрей – ол әрқашан ақыл-естілік амалын тауып шығу қабілеттілігінен айырылу. Өрт шығуын дереу өрт қызметіне «101» телефонымен хабарлаңыз. Өртсөндірушілерді шақырғанда, өрт шыққан мекен-жайын, көше, үй нөмірін, қай қабатта болғанын нақты хабарлау керек. Пәтер, шатыр асты, жер төлесі, дәліз, қойма, ферма немесе басқа жер жанғанын ұғымды түсіндіру қажет. Өз телефон нөміріңізді айтып, кім қоңырау шалғанын айтыңыз. Егер Сіздің үйде телефон болмаса және Сіз үйден немесе пәтерден шыға алмасаңыз, терезені ашып «Өрт» деп айқай салып, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударуға тырысыңыз. Егер жану ошағы үлкен болмаса, анық және сенімді әрекетпен өртті сөндіруге болады. Есте сақтаңыз: үйде өртті сөндіруге мүмкіндік беретін құралдар табуға болады, ол - көрпе, қалың мата, шелек және басқа суға арналған сыйымды ыдыстар.

Бұл ретте: терезелерді және есіктерді ашуғатиым салынады, себебі таза ауаенуі өрттің ары қарай өршүін тудырады. Өрт пайда болған бөлмеде өтпе жел және ауаның енуіне неғұрлым  жол бермеу керек, өйткені өрт қатты тарауы мүмкін. Сол себепті, терезенің әйнегін шағып, немесе есік терезені ашуды шектеу керек. Электржелісіне қосылған электр құралдарын сумен сөндіру тиым салынады. Ең бастысы жанған электр құралды электржелісінен ажыратыңыз, айырды ағытып тастап, сумен құю керек. Егер бұл теледидар болса, экранның жанынан тұрып, оның артқы жағына су құю керек, айтпесе қызып тұрған кинескоп жарылуы және Сізді жарақаттауы мүмкін. Жақын маңда су таппасаңыз, теледидарды қалың көрпемен жауып немесе құм-топрақ себуге болады.

Өрт, қауіпі баркөлемге жетіп, Сіз өз күшіңізбен өртті жеңе алмасаңыз, адамдар үй-жайлардан үреусіз шығуына көмектесіп, дереу үй-жайды қалдыру керек. Өртену аймағынан балаларды, қарттарды және ауру адамдарды тез шығарып бастаңыз. Үй-жайда мүмкіндігінше электр және газды өшіру қажет. Бірінші кезекте адамдарды өмірге қаупі бар үй-жайлардан және ғимараттың үстінгі қабаттарынан шығару қажет.

Көп қабатты үйде баспалдақ түтінделген жағдайда – түнін кетіру және таза ауа ену үшін, баспалдақ алаңшасында бар терезелерді ашып немесе терезе айнектерін шағып, баспалдаққа түтін шығып жатқан бөлменің есігін қымтап жабу қажет. Егер баспалдақ жолын от кесіп немесе қатты түтінделген болса, түтін шығып жатқан бөлменің есігін суланған матамен немесе суға малынған  шүберектермен қымтап жауып, терезе немесе балконнан өтіп бара жатқандардың назарын аударуға тырысыңыз. Немесе пәтерде қалып, өртсөндірушілердің күткеніңіз жөн. Түтінделген баспалдақ немесе дәліз арқылы шықпаңыз (түтін өте уытты), жанғышгаздарөкпені күйдіру мүмкін. Құтқаруды балконнан, сыртқы, стационарды және сүйеп қоятын сатылар арқылы істеңіз. Үшінші қабаттың терезелерінен секіруіне тиым салынады, өйткені жарақаттануы мүмкін.

Тұрғын секторында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, жалғыз Сіздің ғана өміріңізді емес, жақындарыңыздың және көршілеріңіздің өмірін қауіпке төндіреді. Өрт қауіпсіздік ережелерін ескермеу және бөгде бейқамдығы үшін өмірін қиған адамдарға аянышпен қарауға болады. Әйткенмен тірі қалған, әр денесінің жасушасыменкүйік пен тұншығу азабын шыдағандарды аянышты.

Өрт аяусыз және талғамайды. Ол, кез келгенсәл ғана ілік тапса, барлық жерде пайда болуы әлде қайда. Өрт, адам өліміне әкеп соқтырмаса да, ізсіз өтпейтінін ескертіңіз. Ол – басқа да апаттардан ерекшеленетін, орын толмас қайғыларды ерітінапат болып табылады.

  

Алматы облысының ТЖД

Текелі қаласы ТЖБ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.