Дипломмен ауылға!

«Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Дипломмен ауылға!

Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:

1) 100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну ретінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қолдау шараларын алған мамандар, ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.

Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша кеңес алу үшін «Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекенжайы: Абылай хан көшесі, 34, байланыс телефоны
8 (72835) 4-31-73.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.