Мерзімінен бұрын босатылды
Текелі қалалық пробация қызметі бас бостандығынан айыруға байланысты емес 6 түрлі жазаны орындайды. Соның біреуі бас бостандығын шектеу жазасы болып табылады.

Бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген сотталған азамат жазаны өтеу кезінде жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбаған және әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 72-бабының негізінде жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде соттың қаулысы арқылы босатылуы мүмкін. Жыл басынан Текелі қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған бір сотталған азамат өзін тура жолға түскендігін дәлелдеуіне байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.
М.Жақсығұлов, Текелі қалалық ПҚБ инспекторы, әділет капитаны