Дала өрттері

Қоршаған ортада туындаған өрттің себептері де әртүрлі.
Дала өрттері

Оған ең бастысы адамның да кінәраты бар десек артық айтпаймыз. Ауылшаруашылық нысандары жұмысшыларының өсімдіктерді өртеуі, көкке демалысқа шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмей кетуі салдарынан, механизатор, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп. Бұның барлығы да адамзаттың Табиғат-Анаға деген немқұрайды көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз.

Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің орманға түсу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады.

 Құрметті қала тұрғындары, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық.

 Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.