Суда абай болыңыздар

Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуы немесе оны білмеуі болып табылады.
Суда абай болыңыздар

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар:

• тек жабдықталған жаға-жайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

• шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдалан-баңыздар;

• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомыл-маңыздар;

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтыру лагерьлерінің, туристік фирмалардың және демалыс аймақтарының басшылары!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің  қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.

Естеріңізде болсын! Егер сізге қауіпті жағдай төнсе, жедел көмек қажет болса, құтқару қызметінің «112» телефон нөміріне хабарласыңыз.

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.