Отпен ойнамаңыздар

Өкінішке орай, көп-шілік жағдайда өрт тұрғындардың өрттен сақтандыру ережелерін сақтамауынан болады. Қолдан жасалған электр қыздырғыштарды электр жүйесіне қосу, газ плиталарын дұрыс пайдаланбау немесе оларды бақылаусыз қалдырған жағдайда өрт болып жатады.
Тұрғын үйлерде немесе пәтерлерде қолдан жасалған пеш болса, оны мезгілінде жөндеп тұрулары, жаңадан пеш салушылар оның құрылыс жұмыстарын сенімсіз адамдарға тапсырмаулары керек. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді қауіпті отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештерден шығарылған күл мен шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек. Қарапайым тәртіпті бұзу үлкен шығынға әкелуі мүмкін.
Текелі қаласы ТЖБ