Өрт – тілсіз жау

Жердегі апаттың, қасіретің бірі – адамның қадағалауынан шығып кеткен өрт, ол жер бетіндегі бар тірі жанның бірінші жауы.
Өрт – тілсіз жау

Өрттен кейін тек қайғы мен қасірет және өртенген заттар қалдығы ғана қалады. Қадағаланбайтын өртте аңдар мен құстар, өсімдіктер жойылады, адам қолымен салынған ғимараттарға, адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнеді.

Сіріңкемен ойнаған қараусыз бала, өшірілмеген от немесе   тасталған темекі өрт қаупін төндіретінін ойламаймыз. Тағы да бір өрттің басты себептерінің бірі – от ошақтарын пайдаланудағы салақтық. Қазір ауарайы жылынған сайын отты азырақ жағады, бірақ одан өрт шығу қауіптілігі азаймайды. Пештерде қыстай мұржа ішіне ыс жиналып, түтіннің шығуын қиындатып, өрт шығуына себеп болуы мүнкін. Сондықтан, әр үй иесі мұржаны, пешті жиналған түтіннен,  күлден тазартуы қажет.

Тек қана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, отты пайдалануда сақ болған адам қауіпсіздікке кепілдік береді.    

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.