Мемлекеттік қызметтер

«Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер

«Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру;

3. Ағаштарды кесуге рұқсат беру;

4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі, қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру;

5.  Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;

6. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша, ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қала-лық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;

7. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама.

Бөлімнің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша сұрақтар болған жағдайда Абылай хан көшесі, 34-үй, 6 және 4 кабинетке жүгінуіңізге болады. Тел.: 4-46-20, 4-91-15.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.